қазақша · русский · english
   
 Джангирова Гульнара Сагинтаевна
Академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекші маманы

Достық даңғылы, 13, 300 кабинет
 +7 (727) 293-85-79
g.jangirova@abaiuniversity.edu.kz

 Муханова Қарлығаш Бейсенқызы
Академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы

Достық даңғылы, 13, 300 кабинет
 +7 (727) 293-85-79
k.mukhanova@abaiuniversity.edu.kz

 

Академиялық ұтқырлықтың мақсаты қазақстандық жоғары білім сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету және оның тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Академиялық ұтқырлық секторы жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:
- білім алушылардың, профессорлық-оқытушылар құрамының, университет қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын, сондай-ақ басқа да серіктес университеттердің білім алушыларының Абай атындағы ҚазҰПУ-де білім алуын қамтамасыз етеді;
- білім алушылар арасында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша жетекші қазақстандық және шетелдік университеттерде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
- гранттық және бюджеттен тыс негізде академиялық ұтқырлық бағдарламасының үміткерлерін іріктеуді үйлестіреді және жүзеге асырады;
- академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелдік университеттерге шығатын білім алушыларға визалық қолдауды уақтылы жүзеге асырады;
- білім алушылардың академиялық ұтқырлықпен іссапарға шығуы мен қайтуы құжаттарын рәсімдеу және іссапар туралы есептерін жинау бойынша мониторинг жүргізеді;
- шетелдік профессорлар мен ғылыми кеңесшілердің білім алушыларға дәріс оқуы және докторанттарға кеңес беруі үшін келуін ұйымдастырады;
- шетелдік университетке ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілген магистранттардың құжаттарын рәсімдеуді қамтамасыз етеді;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің құжаттарын дайындау жөнінде кеңестер жүргізеді;
- Абай атындағы ҚазҰПУ мен жоғары білім саласында қызмет ететін шетелдік университеттер және өзге де ұйымдар арасында халықаралық әріптестікті орнатуға, дамытуға ықпал ететін іс-шараларға бастамашылық жасайды және жүзеге асырады;
- шетелдік университеттер мен халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет өкілдерімен сектор қызметіне қатысты бағыттар бойынша келіссөздерге қатысады және оларды жүзеге асырып отырады;
- Абай атындағы ҚазҰПУ сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде студенттер мен магистранттардың шетелде семестрлік білім алуын тұрақты негізде ұйымдастырып отырады. Академиялық алмасу Абай атындағы ҚазҰПУ мен алыс және жақын шетелдің серіктес жоғары оқу орындары арасындағы келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.