қазақша · русский · english
 
 
 
10.10.2019

Scopus және Thomson Reuters мәліметтер базасына енгізілген басылымдарда ғылыми зерттеулерді жариялау мүмкіндігі мен шарттары


2019 жылдың 10 қазанында Жаратылыстану және география институтында, география, экология және туризм кафедрасының 616 аудиториясында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттарына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті.


Семинардың мақсаты - Scopus және Thomson Reuters мәліметтер базасына енгізілген басылымдарда ғылыми зерттеулерді жариялау мүмкіндіктері мен шарттарымен таныстыру.


Ақпараттық материалдармен Газиу ниверситетінің география және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті Булент Аксой (Түркия, Анталия) және Аризона университетінің докторанты (АҚШ) Мехмет Волкан Кашыкчи бөлісті.


Scopus және Thomson Reuters мәліметтер базасына енгізілген жарияланымдардың ережелері мен талаптары біртіндеп зерттеліп, ғылыми мақалалар жазуға әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

   

 

  




Кері оралу