«География және экология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «География және экология» кафедрасы / Жаңалықтар
03.04.2018
«Жаратылыстану 5-6 сынып оқулықтарындағы суреттер: пайдаланудың тиімділігі және өнімділігі» тақырыбында дәріс өтті
2018 жылдың 2 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылымның онкүндігі аясында «Елтану және туризм» кафедрасының меңгерушісі, профессор Бахадурхан Әбдіманапов «Жаратылыстану 5-6 сынып оқулықтарындағы суреттер: пайдаланудың тиімділігі және өнімділігі» тақырыбында дәріс өткізді.
Бахадурхан Әбдіманапов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған жаңартылған мазмұндағы (Жаратылыстану - 5 сынып. 2017жыл. Жаратылыстану - 6 сынып. 2018 жыл., «Атамұра» баспасы) жаңа оқулықтардың авторы. Дәріскер жаңа буын оқулықтарын жасау саласындағы жалпы жағдайды талдап, оқулықта көрнекі материалдарды қолданудың негізгі мәселелерін көрсетіп, дидактикалық және педагогикалық рөлін сипаттады, презентацияда иллюстрациялардың мазмұны мен қолданылуына жүйелік көзқарастар ұсынды, бұл тұтастай алғанда оқу үдерісінің жай-күйін едәуір жақсарта алады.
Негізгі баяндамадан кейін Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова және ғылыми зерттеу жобаларын барлау және нормабақылау бастығы Галина Кирилова іс-шараның маңыздылығын атап, негізгі мәселе бойынша баяндамашыға оң пікірлер мен алғыстарын жеткізді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|