қазақша · русский · english
 
 
 
25.12.2023

Химия пәнінен инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және дизайны


2023 жылдың 22 желтоқсанында Жаратылыстану және география институты, оқу-әдістемелік бюросы және академиялық комитет химия мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен дизайны туралы вебинар өткізді. Іс-шараға химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, академиялық комитет мүшелері қатысты. Вебинарды бюро жетекшісі, академиялық комитет төрайымы аға оқытушы Бейкитова Альбина ашты. Ол қазіргі кезде республика бойынша 30 білім беру бағдарламалары финдік білім беру жүйесі негізінде даярланып, апробациядан өтіп жатқанын атап өтті.


Вебинарда Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Муканова Роза сөз сөйледі. Спикер химия білім беру бағдарламасының құрылымы және мазмұнымен таныстырып өтті. Білім беру бағдарламасын жасауда қолданылған тәсілдер, бағалау критерийлері, күтілетін нәтижелерге кеңінен тоқталып өтті. Оқу пәндерінің мазмұнындағы ерекшеліктерді түсіндірді. Пәндік компонент құрылымы: айналамыздағы химия, қолданбалы химия, химиялық құрылым және функциялар, энергетика және химиялық процесстердің механизмі, химияны оқытудағы педагогикалық тәсілдер. Вебинарға қатысушылар спикерге сұрақтар қойды. Инновациялық білім беру бағдарламасы болашақта бәсекеге қабілетті химия пәні мұғалімдерін даярлауға үлкен мүмкіндіктер береді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу