«География және экология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «География және экология» кафедрасы / Жаңалықтар
06.11.2023
Foodexpo Kazakhstan-2023 көрмесіне қатысу
Жаратылыстану және география институтының география және экология кафедрасының оқытушылары Г. Жандосова, А. Саванчиева және А. Бекен «География-ғылым», «Мейрамхана және қонақүй бизнесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 4-курс студенттерімен бірге «Атакент» көрме орталығында болды, 2023 жылдың 1-4 қарашадан бастап оның үш павильонында Foodexpo Qazaqstan-2023 жыл сайынғы көрмесі («Тамақ өнеркәсібі») ашылу салтанаты өтті.
FoodExpo Qazaqstan - отандық азық-түлік және сусындар нарығының үздік тауарлары ұсынылған ауқымды көрме. Іс-шара Қазақстаннан және Орталық Азияның басқа аймақтарынан мыңдаған келушілерді қабылдай отырып, сала өкілдерінің басты кездесу орнына айналды. Көрмеде Қазақстанның көптеген тамақ өнеркәсібінің саласы бойынша отандық өнімдердің түрлерімен, өндірістік желіліер мен жабдықтарыға дейін шығаратын компанияларымен танысты. Сонымен қазақ тағамдарына арналған «Гастрономиялық нұсқаулықтың» кітабынын тұсаукесерін көріп, кітаптың авторымен кездесті, бұл кітап Қазақстан бойынша тамаша аспаздық саяхат, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен аспаздық дәстүрлері, сүйікті рецепттер, қызықты деректер мен ұмытыла жаздаған аңыздар, эксклюзивті сұхбаттар, ұлттық кафелер, мейрамханалар мен этникалық ауылдарға гид ақпараттарын қамтиды.
Жалпы студенттер еліміздің тамақ өнеркәсібімен және азық-түлік өндірісімен танысты, шикізаттан дайын өнімге дейін осы саланың дамуы туралы білді, өте пайдалы ақпарат және жарқын әсер алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|