қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

Экскурсия экологиялық мәдениетті қалыптастырады

 

2022 жылдың 10 сәуірінде Жаратылыстану және география институтында «Ғылым онкүндігі» аясында «6В111101-Туризм» мамандығының 2 және 3 курс студенттері үшін Үлкен Алматы шатқалындағы «Аюсай сапар орталығы» атты туристік нысанға және Аюсай сарқырамаларына экскурсиялық-танымдық жорық өткізілді. Экскурсиялық-танымдық жорықтың мақсаты - студенттердің туристтік сонымен қатар экологиялық мәдениеті мен санасын қалыптастыру.


Экскурсиялық-танымдық жорық барысында студенттерге тұрақты экотуризм дегеніміз не екендігі, және эко-маршруттарды қалай дұрыс құру керектігі жайлы айтылды.


Іс-шараның ұйымдастырушылар «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» ББ оқытушылары Омаров Қ.М., Бекен А.Н.

 

   




Кері оралу