қазақша · русский · english
 
 
 
15.02.2021

«Сомелье, бармен және бариста жұмыстарын ұйымдастыру» пәнінен дәріс

 

2021 жылдың 13 ақпанында «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін «Сомелье, бармен және бариста жұмыстарын ұйымдастыру» пәнінен Жаратылыстану және география институтының оқытушысы Суранчиева Ел-Дананың ұйымдастыруымен «Brown Buffet» кофеханасының директоры Абдыкадыр Даурен ресми емес дәріс өткізді. Офлайн дәріске жалпы 5 адам қатысты. Кездесу екі сағатқа созылды.


Дәріс барысында қонағымыз өзінің бизнес саласындағы жұмыс тәжірибесімен, кофе дәндері, сусындар дайындау әдістері, кофе қуыруға арналған арнайы құрылғалар туралы мәліметтермен бөлісті, студенттерге керекті ақпараттар берді. Осы салада өзін-өзі дамытудың баға жетпес тәжірибесімен бөлісті, студенттерге практикалық кеңестер берді. Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, қызығушылық танытты, дегустацияға қатысты. Студенттер үлкен алғыстарын білдіріп, осындай офлайн ресми емес дәрістерінің жиі өткізілуіне ниет білдірді

 

   

 

   




Кері оралу