«География және экология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «География және экология» кафедрасы / Жаңалықтар
07.12.2020
«Білім берудегі инновациялар - педагогтың шығармашылық іс-әрекеті» ғылыми-әдістемелік вебинары
2020 жылдың 4 желтоқсанында Жартылыстану және география институты Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру бағдарламаларын даярлау және «Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен доцент Шолпан Карбаева «Қазіргі географиялық білім берудегі инновациялар» және «Географияны оқытудағы инновациялық технологиялар» оқу пәндері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында қорытынды шеберлік-сабақ өткізді. Шеберлік-сабақты өткізудегі мақсат - болашақ педагогтар мен мұғалімдердің кәсіби өзіндік жетілуі мен олардың шығармашыл педагогикалық қызметінде дара стильдерін қалыптастыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Вебинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылары мен Қазақстанның басқа да ЖОО өкілдері қатысты.
Вебинар барысында білім берудегі инновация, педагогтың шығармашылығы, әдістемелік-бағдарланған инновациялық процестер, оқу үдерісіндегі инновациялық модель, пединновацияларды жүзеге асыру механизмі кіріктірілген инновациялық технологиялар, сонымен қатар қашықтан оқытуда қолданылып жүрген заманауи технологиялардың тиімділігі мәселелері туралы пікір алмасты.
Вебинарда Ш.Ш. Карбаева «Педагогтың шығармашылық бағыты - білім берудегі инновациялық процесті жүзеге асырудың негізгі факторы» тақырыбында, М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің доценті С.Т.Дуйсенбаева жаратылыс-ғылыми пәндерді оқыту әдістемесіндегі ақпараттық технологиялар туралы мәселелерді ортаға салды. Вебинар барысында «8D01515-География» мамандығының 1 курс PhD докторанттары (Мырзалы Н.Б., Мырзалиева М.М., Абикбаев Е.Р., Көшербаева Ш.С., Мұсахан Р.М., Исаков Е.Д.,т.б.) және «7М01515-География» 2 курс магистранттары (Гараева Н.Р., Мирзаев Е.А., Ерманова А.Қ., Оналбаева Л.Б., Каргабаева Л.Т., т..б.) оқу пәндері бойынша орындаған өздік жұмыстарын көрсете келе, алған білімдерін теориялық деңгейде және практикалық деңгейде оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану мысалында дәлелдеді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|