Негізгі бет
Жаңалықтар
04.04.2022 Магистратура және докторантура түлектері үшін міндетті үш жылдық өтем
2022 жылғы 01 сәуірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мансап» орталығының маманы Байдаулетқызы Арайлым «Міндетті үшжылдық еңбек өтемі» тақырыбында 2 курс магистранттар мен 3 курс докторантура білім алушыларымен АҚ «Қаржы орталығының» маманы Жакеева Жанар Берикхановнамен кездесу өткізді.
Кездесуде «Қаржы орталығының» маманы Жакеева Жанар 2012 жылғы №390 Қаулысына түсіндіру жұмысын жүргізді. Мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын студенттер үшін кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Студенттер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы №390 Қаулысына байланысты сұрақтарын қойып, мемлекеттік грант өтемінен қандай жағдайда босатылатыны жайлы ақпарат алды.
|