қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.03.2022

Мектеп оқулықтарының авторларына арналған біліктілікті арттыру курстары


2022 жылдың 28 ақпаны мен 11 наурызы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Оқытушылық шеберлік орталығы баспалардың сұранысы бойынша Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарымен мектеп оқулықтары мен әдістемелік құралдар авторлары үшін «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы заманауи мектеп оқулығы» және «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы оқу-әдістемелік кешендерді дайындау» тақырыптарында 80 сағаттық біліктілік арттыру курстарын өткізді.

 

Бағдарламаны ҚР БҒМ тапсырмасы бойынша Орталық қызметкерлері А.Ш. Оракова мен Т. Б. Корнилова әзірледі.

 

Курстар қашықтан оқыту форматында өткізілді. Курстық бағдарлама орта білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп оқулықтары мен мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кешендеріне сараптама жүргізу құралдары мен авторларының кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған. Білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектеп оқулықтарын және оларды дайындауға қойылатын талаптарды орындау дағдыларын жетілдіруге көп көңіл бөлінді.

 

Курсқа «Алматыкітап», «Атамұра», «Арман ПВ», «EduStream», «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі баспаларынан 138 тыңдаушы қатысты. Курсқа қазіргі авторлар да, авторлар тобы да, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды жаза бастаған практик мұғалімдер де қатысты.

 

Сабақтарды өткізуге оқулықтар саласындағы 20 жетекші ғалымдар тартылды. Олардың 8-і -Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы.

 

Бағдарламаның мақсаты - орта және мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқулықтары мен әдістемелік құралдарды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді сараптау құралдарын әзірлеу саласында авторлардың кәсіби деңгейін арттыру болып табылады.

 

Бағдарламаның міндеттері - білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мектеп оқулықтары мен әдістемелік құралдардың әлеуетті авторларында оқу әдебиетін жазуға қойылатын талаптарды іске асыру дағдыларын қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтижелер - Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің перспективалы бағыттарына жауап беретін мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін жазу.

 

Бұл курстардың ерекшелігі (2022 ж. 28 ақпан - 11 наурыз) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың даму моделінің бекітілуіне және оның іске асырылуына байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне арналған оқу-әдістемелік кешендер авторларының үлкен тобын оқыту болды. Осы курстарда вариативті оқу бағдарламаларын әзірлеу қағидаттарына, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін, оқу-әдістемелік кешендерінің сапа критерийлерін пайдалануға көп көңіл бөлінді.

 

Курстың қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық істержөніндегі проректоры М.Бектемесов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры А. Байдильдинаның, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның Орта білім мазмұны институты директорының орынбасары Ә.Дүйсебек, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Балаларды ерте дамыту»республикалық институтының директоры М.Адамова, «Атамұра» баспасы Корпорациясының бірінші вице-президенті Г.Жарылғасымова, «Алматыкітап баспасы» қазақ редакциясының бас редакторыӨ. Әбдішүкірұлы, «Арман-ПВ» баспасының бас директорының кеңесшісі С.Тұрсынғалиева, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің директоры М.Ырысбек, лекторлар мен курс тыңдаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелде оқу әдебиетін дайындау және сараптау, оқу бағдарламаларын жетілдіру мәселелері талқыланды.