Негізгі бет
Жаңалықтар
14.03.2022 Мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
2022 жылдың 12 наурызында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай университеті мен М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры арасында Мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қоюға актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов, Абай университетінің ректоры Дархан Біләлов, әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректор Клара Исакова, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов және театр басшылығы қатысты.
М.О.Әуезов театры көптеген жобаларға бастамашы болып, көрермендерді тамаша қойылымдармен қуантып келеді. Біздің университетте шығармашылық пен өнерге деген қызығушылыққа жан-жақты қолдау көрсетіледі. Студенттеріміздің арасында өнерлі жігіттер мен қыздардың қатары жыл санап артып келеді. Университетімізде Өнер, мәдениет және спорт институты да бар. Біздің университет пен еліміздің жетекші театры арасындағы ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеует бар екені анық.
Өзара тиімді ынтымақтастық тараптарға студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдауға, жастар арасында жоғары рухани-адамгершілік және мәдени бейімділіктерді қалыптастыруға, отандық және әлемдік театр өнерінің үздік туындыларын танымал етуге мүмкіндік береді.
Өнерге бейім дарынды студенттерге барлық жағдайды жасау арқылы біз кәсіби мамандардан үлкен қолдау және университет ортасының мәдени дамуына жаңа мүмкіндіктерге ие боламыз.
Қоғаммен байланыс департаменті |