қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.03.2022

Оқытушылар мен магистранттар, докторанттарға арналған біліктілікті арттыру курсы

 

2022 жылдың 1-5 наурыз аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Оқытушылық шеберлік орталығы университеттің профессор-оқытушылар құрамына, магистранттар мен докторанттарына арналған «Ерекше білім беруде қажеттілігі бар студенттермен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында қашықтан оқыту режимінде қазақ және орыс тілдерінде 40 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

 

Курстың мақсаты - инклюзивті практика жағдайында жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу және түзету бойынша оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және пән бойынша оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану болып табылады.

 

Курстың міндеттері:

1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелерін зерделеу;

2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін олардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытудың тиімді әдістері мен оқу материалын бейімдеу тәсілдерін зерделеу;

3) психологиялық-педагогикалық қолдау технологиясын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру;

4) ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды қолдану дағдыларын дамыту;

5) қашықтан оқыту технологияларды және ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау технологиясын қолдану тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

 

Курс барысында тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың оқытуды ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелерімен танысуға; олардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытудың тиімді әдістері мен оқу материалын бейімдеу тәсілдерін және психологиялық-педагогикалық қолдау технологиясын қолданудың, білім беру кеңістігінде ұйымдастырудың практикалық дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алды.

 

Дөңгелек үстелде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың тиімділігі, мектепте әдістемелік қолдау көрсетуде, студенттерді педагогикалық практикасын ұйымдастыруда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқу процессін тьюторлық және коучинг арқылы ұйымдастырудың мүмкіндіктері де талқыланды.