Негізгі бет
Жаңалықтар
04.03.2022 Мектепте тарихты оқытудағы өзекті мәселелері талқыланды
2022 жылдың 3 наурызында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде (Петропавл қ.) «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің съезі өтті.
ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Ғ.Б. Бейсембаев, ҚР БжҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Басқарма төрағасы-ректор Е.Б. Сыдықов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ» АҚ Педагогикалық өлшеулер орталығы мен ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығының» әдіскерлері және ЖОО-ның профессор-оқытушылары мен орта білім беру саласының әдіскерлері, тарих пәнінің мұғалімдері қатысқан съезде жаңартылған білім беру жүйесінде жаңа тарихи білім беру тұжырымдамасын жасау қажеттілігі, тарихты оқытудың әдістемесі және жаңа форматтағы тарихшы маманды қалыптастыруда педагогикалық ЖОО-ның мектептермен ынтымақтастық бағыттары туралы мәселе талқыланды.
Бұл съезге Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық инстиутының аға оқытушылары Б.З. Иманмолдаева, К.М. Рүстем қатысып, өз ойларымен бөлісті.
|