Негізгі бет
Жаңалықтар
02.03.2022 Заманауи мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің I съезі
2022 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласында «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің I съезі болып өтті.
Съездің мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке басын дамыту, білім беру мазмұнын жаңарту, болашақ ұрпақ тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтеру, балаларды шамадан тыс жүктемеден сақтайтын және білім мазмұнына міндетті миниум мен бала дайындығына қойылатын талаптар деңгейін белгілейтін мемлекеттік құжаттарға өзгеріс енгізу.
Аталған шараға 300 делегат қатысты. Съезді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ашып, білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жүктелетін жауапкершілік пен мектепке дейінгі білім беру саласындағы толғандырып жүрген тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін ашық айтып, нақты бағыт-бағдарын ұсынды.
Съезге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларын кәсіби даярлау» бөлімінің жетекшісі, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева, профессор Ақсәуле Манкеш, аға оқытушы Болат Аувакир қатысты.
Съезд барысында 4 секция жұмыс жасады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу оқыту бағдарламаларының мазмұнын жаңартылған бағытта жүзеге асыру, балаларға білім беру қызметін көрсететін әр түрлі типті мектепке дейінгі ұйымдар іс-әрекетінің сапалы диагностикасын және мониторингін нақты жүргізудің тиімді жолдарын айқындау, педагог-тәрбиешілердің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламаларын қайта даярлау, практикаға негіздеу мәселелері жан-жақты қарастырылды.
|