қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
02.03.2022

Алматылық сарапшылар «Amanat» партиясының съезінде қабылданған шешімдер туралы пікір білдірді

 


 

Жаңа Қазақстанды құру - бәрімізге ортақ міндет. Осылай деген алматылық сарапшылар «Amanat» партиясының съезінде қабылданған шешімдер туралы пікір білдірді. Олардың сөзінше Президент айтқан бастамаларға назар аударып, қолға алынған жұмыстарға бір кісідей атсалысу қажет.

 

Жомарт Құдайбергенұлы, саяси ғылымдарының докторы:


«Amanat» партиясының көрсеткіші ретінде «Жас Отан» жастар қанаты үлкен жұмыс жасайды ғой деп ойлаймыз. Болашақта «Жаңа Қазақстанды» құру, оны модернизациялаудағы ең басты құрал ретінде соны жүзеге асырушы осы «Жас Отан» жастар қанаты болады ғой деп ойлаймын.


Дидар Ділдәбек, Абай атындағы ҚазҰПУ департамент директорының міндетін атқарушы:

 

Мәслихат пен Мәжіліс депутаттарының брифингтері, қоғамдық кездесулердің барлығын алып қарайтын болсақ ортадағы көпірді алып тастап, тікелей байланыс орнату мақсатында, халықтың ойын білу мақсатында жұмыстардың жасалып жатқанын байқауымызға болады. Және бұған байланысты алдағы уақытта «Аманат» партиясының атқарар жұмыстары үлкен деп айтуымызға болады.

 

 

02.03.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaqstan.tv