Көркем білім беру кафедрасы |
21.11.2022
Студенттер мен магистранттардың 77-ші ғылыми конференциясы
2022 жылғы 17 қарашада Өнер, мәдениет және спорт институты көркем білім кафедрасында «Визуалды өнер, көркем еңбек және жобалауды оқытудың әдістемесі мен теориясы. Көркем білім. Өнер тарихы мен өнертану» тақырыбында секция жұмысымен студенттер мен магистранттардың 77-ші ғылыми конференциясы өтті.
Комиссия мүшелері шешімімен конференцияға қатысушыларға төмендегі орындар берілді: 1 орын - Мұрат Алтынай («Көркем білім» мамандығы, 2-курс, 216 -1 тобы, қ/б, ғылыми жетекшісі - қауым. профессор м.а. Джанаев М.Б.). Баяндама тақырыбы: «Оқушыларды қазақ этномәдениеті негізінде көркем шығармашылыққа баулу». 2 орын: 1) Тоғаева Аяжан («Графика» мамандығы, 2 курс, 214 тобы, қ/б, ғылыми жетекшісі - қауым. профессор м.а. Джанаев М.Б.). Баяндама тақырыбы - «Қазақстан бейнелеу өнері туындыларындағы этномәдени негіздер». 2) Абдырақын Жұлдыз («Көркем білім» мамандығы, 3курс, 316-1 топ, қ/б., ғылыми жетекшісі - п.ғ.к. Ақбаева Ш. ). Баяндама тақырыбы - «Сурет өнері - ұлт тәрбиесінің өзегі».
3 орын: 1) Райымбек Әбубәкір («Кәсіптік оқыту» мамандығы, 2 курс, Дот, қ/б, ғылыми жетекшісі - қауым профессор м.а. Асембайулы Е.). Баяндама тақырыбы - «Киіз үй құрлымының негізінде,оқушылардың көркем эстетикалық талғамдарын дамыту». 2) Мұсабек Ұлпан, Қуатбай Асел («Кескіндеме» мамандығы, 2 курс, қ/б. ғылыми жетекшісі - қауым. профессор м.а. Джанаев М.Б.). Баяндама тақырыбы: «Живопись өнері туындыларындағы ұлттық нақыштар маңызы». 3) Жексембай Гүлбаршын, («Көркем білім» мамандығы, 3 курс, 316-1 топ, қ/б, ғылыми жетекшісі - п.ғ.к. Ақбаева Ш.). Баяндама тақырыбы - «Бейнелеу өнері «көркем тілмен сөйлейді» (адам жан әлемімен тілдеседі)».
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|