Көркем білім беру кафедрасы |
21.02.2020
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша ашық сабақтар
2020 жылдың 19 ақпанында Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының аға оқытушысы Есенкелді Құлжабаев «Кескіндеме» мамандығының 1 курс (13-1 топ) студенттеріне «Түйіндесу» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен оқу бөлімінің коммиссия мүшелері қатысты. Сабақтың негізгі мақсаты - сызу әдісімен шығармашылық сурет салу тәсілінің орындалу ерекшелігі мен қыр-сырын жеткізу болды.
Оқытушы Есенкелді Құлжабаев тақтаны пайдалана отырып, қысқа мерзімде студенттерге өз әдіс- тәсілдерін көрсетті. Ашық сабақ талапқа сай жоғары деңгейде өтті.
Көркем білім кафедрасының оқытушысы Жанар Шажабаева 1 курс «6В01403-Визуалды өнер, көркем еңбек және жобалау» мамандығына «Визуалды өнердің тарихы мен теориясы» пәнінен «Ежелгі Грекия мәдениеті мен өнері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтар барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша әдістерді қолдана отырып, әрбір студент өз бетінше білім алуға, білім алуға қойылатын негізгі талаптарды іске асыруға, терең, толыққанды, жүйелі және саналы білім алуға қабілетті. Мұндай сабақтар студенттерге олардың шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, сонымен қатар жалпы мәдениетті дамытуға көмектеседі: олардың дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорын және қарым-қатынас дағдыларын арттырады, сонымен қатар жалпы адамның өнер және тіршілік әрекетінің басқа салаларына қызығушылығын оятады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|