қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2020

Студенттердің қысқы сессия жұмыстарының көрмесі өтті


Өнер, мәдениет және спорт институтының «Көркем білім» және «Дизайн» кафедраларының ұйымдастыруымен Студенттердің қысқы сессия нәтижелері аясында көркем білім, шығармашылық мамандықтардағы студенттердің шеберлік деңгейін көрсету мақсатында, 2020 жылдың 5-28 ақпан аралығында «Жасампаз» көрме залында өткен шығармашылық көрме өтті.


Көрмеге Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Кайшыбеков, «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рсымбетов, «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Ерболат Кисимисов және профессор-оқытушы құрамы мен студенттер қатысты. Көрме студенттердің шығармашылыққа қызығушылығын арттырып, өзінің жарты жылдықта оқу үлгерімінің қандай дәрежеге жеткенін бағалауға, ары қарай шығармашылығын арттыруға мүмкіндік береді. Институтымыз бойынша тұңғыш рет өткен көрме әр қарай дәстүрге айналып жалғасын табады.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу