Негізгі бет
Жаңалықтар
25.02.2022 Біздің дарынды түлектеріміз
2022 жылдың 24 ақпанында Жаратылыстану және география институтында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында институттың жылдық кешенді жоспарына сәйкес «Біздің дарынды түлектеріміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Институттың мансап дамыту бөлімі ұйымдастырған іс - шара офлайн және онлайн-режимдерде өтті.
Іс-шараға әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Болатбек Нұрбатыров, институт директоры Куляш Каймулдинова, институттың мансап дамыту бөлімінің қызметкерлері, шақырылған қонақтар-түлектер, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Куляш Каймулдинова кіріспе сөз сөйледі. Ол, қонақтарға іс-шараға қатысқаны үшін алғысын білдіре отырып, кездесудің маңыздылығын атап өтті. Түлектер ұстаздарын шын жүректен ризашылықпен еске алып, студенттік өмірінің жарқын сәттері туралы әңгіме өрбітті. Барлық түлектер біздің жоғары оқу орнымызды бітіргендеріне мақтаныш сезімін білдіріп, болашақ өмірге жолдама алды. Аға буын түлектері институт білімгерлеріне білім нәрімен сусындап, университеттің абыройын асқақтата беруге шақырды.
Кездесу жылы достық жағдайда өтті, барлық қатысушылар жүздескендеріне қуаныштарын білдіре отырып, осындай іс-шаралардың маңыздылығын атады.
|