Негізгі бет
Жаңалықтар
24.02.2022 «Мамандық таңдау сыры неде» кәсіби бағдар беру тренинг-семинары
Іс-шараның мақсаты - педагогикалық білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, педагогикалық қызметтің беделін көтеру, педагогикалық жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету, ұлттық біріңғай тестілеу өзгерістерімен жаңалықтарымен таныстыру.
Тренинг-семинар case-study, коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Түлектердің ата-аналары өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мектеп әкімшілігінен осындай кездесуді тағы да ұйымдастыруды сұрады.
|