Туған күні: 22 тамыз 1974 ж.
Туған жері: Алматы қ.
Тілдерді білуі: қазақша, орысша, ағылшынша.
Білімі:
1996 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ Физика - математика факультетінің «Физика және информатика» мамандығы бойынша үздік аяқтады.
1996-1999 жж., Абай атындағы ҚазҰПУ «Теориялық физика» мамандығы бойынша аспирантураны аяқтады.
Ғылыми дәрежесі және атағы:
01.04.16 - «Атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы» мамандығы бойынша физика - математика ғылымдарының кандидаты (2007).
Еңбек өтілі:
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті», 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін:
Ғылым және ғылыми кадрларды даярлау бөлімі, аға инспектор (2000-2008);
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасы, инспектор (2008-2009);
Магистратура және PhD докторантура институты, ИМиД бөлімінің бастығы (2009-2010);
Инспектор (2010-2014);
Математика, физика және информатика институты, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру директорының орынбасары (2014-2015);
ҒЗЖ, СҒЗЖ және инновациялар бөлімінің бастығы (2015-2020);
2020 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін - ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі.
Марапаттар мен жетістіктер:
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Үздік қызметкер» төсбелгісі (2015);
Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін ҚР Білім және ғылым Министрінің «Алғыс хат» (2018);
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Үздік қызметкері» семестрі (2021).
Ғылыми еңбектері мен басылымдары:
ҚР және басқа да елдердің ғылыми басылымдарында 30-дан астам жарияланымы бар.