қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2024

«Қазақстан Республикасында жаратылыс-ғылыми білім беруді дамыту: мәселелері мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2024 жылдың 03 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті «Қазақстан Республикасында жаратылыс-ғылыми білім беруді дамыту: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

 

Конференцияның баяндамалары ретінде ғылыми-әдістемелік және қолданбалы сипаттағы жұмыстар ұсынылды. Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:


1. Әлемдегі және Қазақстандағы жаратылыс-ғылыми білім берудің қазіргі жағдайы: мәселелері мен шешу жолдары;
2. Жаратылыс-ғылыми білім беруді дамытудағы цифрландыру және педагогтың кәсіби құзыреттілігі;
3. Д.М. Қазақбаеваның еңбектеріндегі жаратылыс-ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы.

 

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Конференция барысында Д.М. Қазақбаеваның «Өмір иірімдері» атты кітабының тұсау кесері өтті.

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу