қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2021

Диссертациялық жұмыстың сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

 

2021 жылдың 30 сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде «6D060100 - Математика», «6D060300 - Механика», «6D070500 - Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 - Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының түлегі Айнұр Рысқан «6D060100 - Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Көп өлшемді гипергеометриялық функциялар және оларды екінші ретті азғындалған дербес туынды дифференциалдық теңдеулер үшін шекаралық есептерді шешуге қолдану» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғады. Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика және математикалық модельдеу кафедрасында орындалды.


Отындық ғылыми кеңесшісі - «Математика және математикалық моделдеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Бердышев Абдумаувлен Сулейманович.

 




Кері оралу