қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2019

Р.М. Қоянбаевтың 80 жылдығына арналған «Рухани жаңғырудағы ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория мен тәжірибе» халықаралық ғылыми фестивалі

 

2019 жылдың 11 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде көрнекті ғалым-ұстаз Ромсейіт Қоянбаевтың 80 жылдығына орай «Рухани жаңғырудағы ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория мен тәжірибе» халықаралық ғылыми фестивалі аясында «Үздік Қоянбаевтанушы»,Үздік мақала» , «Үздік сұхбат», «Үздік деректі фильм», «Үздік фотоколлаж», «Үздік тәлімгерлік сағат» жобалар конкурсы өтті. Конкурсқа Педагогика және психология институтының Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушы құрамы мен білім алушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері, топ эдвайзері Алма Айтпаевамен бірлесе «Үздік сұхбат» жобасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен мараппатталды.


«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 4 курс 2 топ студенттері, топ эдвайзері Разия Жұмабаева «Үздік фотоколлаж» жобасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенттері, топ эдвайзері Айжан Тусуповамен бірлесе ІІІ дәрежелі дипломмен, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс докторанты Айдын Қожагулов ІІІ дәрежелі дипломмен мараппатталды.

 

«Үздік тәлімгерлік сағат» жобасында кафедра оқытушылары Анар Аймолдановна мен Назира Әтемқұлова ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, ал «Үздік мақала» жобасы аясында Разия Жұмабаева мен Алма Айтпаева ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Qaztest.kz сайты бірлесе отырып ЖОО-ның студенттері арасында «Жас Қоянбаевтанушы» жобасы бойынша студенттер республикалық олимпиадасын ұйымдастырды. Олимпиада қорытындысы бойынша «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенті Тоқтасын Ақпейіл (жетекшісі: Асем Исаевна), «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенті Бейсен Жанерке (топ жетекшісі: Азимбаева Дариға), І дәрежелі диплом және «Қазақстан үміті» төсбелгісімен мараппатталды.

 

Ромсейіт Қоянбаевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми фестивалі аясында білімгерлер мен білім алушылар белсенді қатысып, дәрежелі орындарға ие болып, сертификат пен университеттің ақшалай сыйлықтарына ие болды.

 

   

 

   




Кері оралу