қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2019

Мектепке дейінгі білім беруде 4 К моделін тиімді жоспарлау

 

2019 жылдың 9 желтоқсанында Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы «Бота» балабақшасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасымен бірлесе «Мектепке дейінгі білім беруде 4 К моделін тиімді жоспарлау» тақырыбында аудандық оқу - әдістемелік семинары өтті.

 

Аудандық оқу - әдістемелік семинарға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары: қауым. профессоры, Қыякбаева Ұлбосын, аға оқытушылар Каримова Разия және Еркебаева Сауле, Өрлеу «БАҰО» АҚ Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының доценті Туралбаева Алмаш және Қарасай аудандық балабақшаның педагог- тәрбиешілері қатысты.

 

Семинардың мақсаты - педагог-тәрбиешілердің әдістемелік және технологиялық құзыреттілігін арттыру, шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу, ұтымды әдіс - тәсілдерді игеру болып табылады.

 

Семинар бағдарламасында: «Мектепке дейінгі білім беру сапасын дамытудың өзектілігі» жайында Қыякбаева Ұлбосын, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары туралы»Каримова Разия, «МДҰ сауат ашу негіздерін ұйымдастыру формасы» тақырыбында Еркебаева Сауле, Алматы облысы бойынша мұғалімдердің үздіксіз білім беру институтының доценті Алмаш Туралбаева «Мектепке дейінгі білім беруде 4K моделін тиімді жоспарлау туралы» тақырыбында баяндамалар жасап, балабақша тәрбиешілері мен студенттерге өз мамандықтарының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін таныстырды.

 

Семинар соңында тыңдаушы педагог - тәрбиешілер өз ойларымен бөлісіп, ғылыми ой - пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.

 

Бұл бастамалар университеттің профессор - оқытушылар құрамын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерін ұтымды әдіс-тәсілдерді игертуде мол мүмкіндік беретіні сөзсіз.Мектепке дейінгі білім беру сапасын дамытуда балабақшалармен тығыз байланыс жасалып, ынтымақтастықта жұмыс жасалу керек екені байқалды. Семинар өте жоғары ғылыми деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу