қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2019

Украинадағы Абай атындағы ҚазҰПУ докторанттарының ғылыми тағылымдамасы

 

2019 жылы 11-22 қараша аралығында Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы «6D010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 2-3 курс PhD докторанттары Сауле Еркебаева, Лаура Тайтелиева, Мақпал Бакетова, Айжан Түсүпова Киев қаласындағы (Украина) Б.Гринченко атындағы Киев университетіндегі «Мектепке дейінгі білім беру» кафедрасында және М.Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі білім беру технологиясы мен әдістемесі» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Ғылыми тағылымдаманың мақсаты - оқу үдерісінде халықаралық тәжірибе алмасу, ғылыми мақалаларды талдау мен зерттеу, озық үлгідегі инновациялық технологиялар қолданылған оқу үдерісіне қатысу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті материалдар мен жұмыс, халықаралық-ғылыми практикалық конференцияға қатысу.

 

Докторанттар ғылыми тағылымдамадан өту барысында университеттің оқыту үдерісімен танысып, электронды деректер базасымен жұмыс жүргізді. Диссертация тақырыбы бойынша Ұлттық орталық кітапханасындағы каталогтар бойынша ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты диссертациялармен, авторефераттармен, ғылыми мақалалармен танысты.

 

Докторанттар тағылымдама жоспарына сәйкес Б.Гренченко атындағы Киев университетінің «Мектепке дейінгі білім беру» кафедрасының меңгерушісі, профессор Анна Беленькая, профессор Паноморенко Татьяна және М.Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі білім беру технологиясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, профессор Ирина Луценкомен кездесіп, ғылыми зерттеу жұмысы бойынша кеңес алды.

 

2019 жылдың 14 - 15 қарашасы аралығында ІІ Міжнародній науково-практичній конференції «Сучасні стратегії педагогічної освіти в контексті розбудови суспільства сталого розвитку та євроінтеграції» пленарлық отырыста «6D010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 2- курс PhD докторантты Сауле Еркебаева «The development of communicative abilities in children of preschool age», 2 - курс PhD докторанты Айжан Түсүпова «Pedagogical opportunities of inclusive education under conditions of preschool organization» және 3 - курс PhD докторанты Лаура Тайтелиева «Problems of innovation in education» тақырыптары бойынша баяндамалар жасады.

 

2019 жылғы 16 қарашада «НУШ-ФЕСТ» жаңартылған білім беру аясындағы дисскусиялық, дәріс треннигтеріне белсене қатысты.

 

Сонымен қатар Киев қаласының мектепке дейінгі білім беру ерекшеліктері туралы ақпараттармен бөлісіп, «Ойыншықтар мұражайына» 20 қараша күні мемлекеттік және жеке балабақшалардың жұмыс үдерісі мен мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы, жұмыс жоспарларының құрылу ерекшеліктерімен танысты.

 

Тағылымдама барысында докторанттар шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып, қажетті материалдар жинақтап, профессор - оқытушылардың оқу үдерістеріне қатынасып, тәжірибе алмасты, мақсаттар орындалып, нәтижеге бағытталған жоспар өз деңгейінде орындалды.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу