қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2019

Магистранттардың 74-ші ғылыми конференциясы

 

2019 жылы 19 қарашада Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының магистранттары Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу секциясы бойынша 74-ші ғылыми конференциясын өткізді.


Конференцияны директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Бағдат Мажинов және кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева құттықтау сөзбен ашып, магистранттарға ғылым жолындағы алғашқы баспалдақтарына сәттіліктер тіледі.


Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды бөлігі және магистрлік білім беру бағдарламасының міндетті бөлімі болып табылады.


Конференция магистранттардың ғылыми және шығармашылық белсенділігін арттыру, алған теориялық және практикалық білімдерін тереңдету және бекiту, дарынды және ынталы жас ғалымдар үшін тиімді коммуникативтік алаң құру мақсатында ұйымдастырылды.


Конференция барысында жас ғалымдар өзара ғылыми-шығармашылық байланыс орнату арқылы ізденіс бағыттары бойынша идеяларын ұсынды, зерттеу тақырыптары бойынша таныстырылымдар өткіздіы, зерттеу дағдыларын қалыптастырып, сөйлеу мәдениетін шыңдады.


1-2 курс магистранттардың арасында жүлделі орындарға ие болған қатысушылар:

1-ші орын - 1- курс магистранты Н.Р.Өтебай. Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы А.И.Булшекбаева
2-ші орын - 2-курс магистранты А.О.Алдабергенова, Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к, аға оқытушы Д.А.Нургалиева; 1-курс магистранты Ж.Б.Бекмұрат, Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., қауымд. профессор Ұ.Қ.Қыяқбаева; 1-курс магистранты А.Ақпанбет, Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор И.Р. Халитова
3-ші орын - 1-курс магистранты Е.Б. Мейірқызы, Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы А.А.Алимбекова; 1-курс магистранты Н.Б.Жәниет, Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., қауымд. профессор Ұ.Қ.Қыяқбаева; 1-курс магистранты Д.С.Дәуірбаева, Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., қауымд. профессор Н.О. Атемкулова.

 

   




Кері оралу