қазақша · русский · english
 
 
 
22.10.2019

«Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясы

 

2019 жылдың 12-19 қазаны аралығында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен «Мейірім» клубының волонтерлері «Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясын өткізді.

 

Шараның мақсаты - сал ауырына шалдыққан Айару есімді бес жасар сәбидің еміне қаржылай көмек көрсету және әлеуметтік-педагогикалық қолдау жасау болатын.

 

Ерікті-студенттердің «Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясы «Өзін-өзі тану» бағдарламасымен ықпалдаса отырып жастардың адамгершілік, мейірімділік қырларын ашады, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ерекше маңыздылығын көрсетеді.

 

Ізгілікті істің барысында Педагогика және психология, Жаратылыстану және география, Филология және көптілді білім беру институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен студент-жастары жәрмеңкелер өткізіп, Айарудың еміне қаржы жинады. Студенттер Айару сәбиге ән айтып, керемет музыкалық және флешмоб-би номерлерін сыйлады, өздерінің жақсы тілектерін жазды.

 

19 қазанда акция аясында жиналған - 401 588 мың теңге қаражат, науқас сәбидің ата-анасына табысталды. Бұл іс-шара Педагогика және психология институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даулен Идрисов, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева, «Мейірім» клубының жетекшісі Гулбахира Ширинбаева, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы Жансая Наренова және ерікті-студенттер қатысты.

 

«Мейірім» қайырымдылық клубы қолдауға мұқтаж сәбиге көмек көрсетуге ұмтылған барлық мейірімді жандарға шын жүректен алғыс білдіреді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы




Кері оралу