қазақша · русский · english
 
 
 
29.10.2019

Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық әлеуеті

 

2019 жылдың 28 қазанында №409 ауд. Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтында «Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының» профессоры, п.ғ.д. А.Е.Манкештің жетекшілігімен «Мектепке дейіні оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-курс магистранттарымен «Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беруді басқару және ұйымдастыру»тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

 

Іс-шара Мектепке дейінгі ұйымда білім беруді басқару және ұйымдастыру туралы теориялық білімдерді жетілдіру, іс жүзінде қолдануға машықтану, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинар іскерлік ойын түрінде өткізілді.

 

Семинар барысында «Елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың даму тарихы» жобасының тұсаукесері өтті. «Мектепке дейінгі басқарудың тарихи ерекшеліктері» тақырыбында №30 қалалық мектепке дейінгі мекеме әдіскері Кадирсизова Ултай Байболатқызымен сұхбат өткізілді, ол соңғы 10 жылдағы осы саладағы өзгерістер мен толықтыруларға талдау жасалды. Сондай-ақ, «Педагогикалық кеңес» іскерлік ойыны өткізілді, онда магистранттар 4K оқыту моделін енгізу және қолдану, оның ішінде «Жаңартылған білім» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі жастағы қызметкерлердің кәсібилігін арттыру бойынша жұмыстарды көрсетті.


Сонымен қатар, семинар барысында магистранттар болашақта мектепке дейінгі білім беру моделін және «Рухани жанғыру - рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес ұлттық құндылықтардың бірегейлігін құру қажеттілігін көрсетті.

 

 




Кері оралу