қазақша · русский · english
 
 
 
24.10.2019

«Академиялық адалдық» кодексі

 

2019 жылдың 14-26 қазан аралығында Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының эдвайзерлері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Академиялық адалдық» кодексімен таныстыру семинарларын жүргізді.

 

Семинар барысында Кодекстің барлық тарауымен білімгерлерді таныстырып өтті. Кодекстің қағидаттарына (адалдық, авторлардың және олардың құқық иеленушілерінің құқықтарын қорғалуын жүзеге асыру, ашықтық, білім алушылардың құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеу, теңдік), мақсаты мен міндеттеріне (студенттер мен профессор-оқытушы құрамы арасында академиялық алаяқтық фактілерінің алдын алу және оларды жою; студенттер мен ОПҚ арасында плагиатқа төзбеу, плагиаризмге қарсы күресу қасиеттерін қалыптастыру; студенттер арасында академиялық адалдықты дамыту мақсатында үздіксіз жұмыс жүргізу; жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жемкорлыққа қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыру), академиялық әділетсіздік түрлеріне (көшіру, плагиат, қайта тапсыру, құпия келісім, жалған баға, жұмысты көшіру, тест жауаптарды көшіру) бөлімдеріне ерекше тоқталды.

 

Топ эдвайзерлері:

1. Ұ.Қ. Қыяқбаева;

2. М.Қ. Сұраншиева;
3. А.К. Айтпаева;

4. Н.О. Әтемқұлова;

5. Д.Қ. Әзімбаева;

6. Р.Е. Кәрімова;

7. Ж.Ж. Асанханова;
8. М.Қ. Ибраева;

9. Ә.И. Бүлшекпаева;

10. С.Ж. Еркебаева;

11. Д.А. Нұрғалиева;

12. М.А. Шауенова;

13. Ғ.Т. Әбілбакиева;

14. А.Е. Түсүпова.

 

  

 

   

 

   

 

   




Кері оралу