Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
04.03.2019
Алғыс күніне орай мерекелік іс-шара
1 наурызда Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушы, PhD доктор Әсем Бүлшекбаева «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс (қазақ бөлімі) студенттерімен көктемнің алғашқы мерекелеріне арналған «Ризамын өткеніме, бүгініме» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.
Меркелік іс-шараның мақсаты: студенттердің «сыйластық» құндылығын жетілдіру, өткенімізге салауат айтып, болашақты тиімді жоспарлауға ықпал ету.
Мерекелік іс-шараны институт директоры Берікжан Әлмұхамбетов ашып, Алғыс айту күнінің тарихы, мән-маңыздылығы туралы айтып, барша жиналған қауымды аталмыш мерекемен құттықтады.
Институт директорының оқу ісі жөніндегі директоры Ақтоты Ақжолова, кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева қатысып, студенттерге сәттілік тілеп, ақ жарма тілектерін білдірді. Мерекелік іс-шараға кафедраның профессор-оқытушы құрамы қатысты.
Іс-шара барысында 1-курс студенттері профессор-оқытушыларға алғыстарын айтып, өлең жолдары мен жырларын ортаға салды.
Осы мерекелік іс-шарада оқытушылар мен көрермендер арасында ойындар ойнатылып, би биленіп, әндер шырқалды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|