қазақша · русский · english
 
 
 
28.01.2019

«Жас ғалымдар Кеңесі» семинары

 

2019 жылдың 24 қаңтарында Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас ғалымдар Кеңесі» тақырыбында семинар өткізілді.

 

2019 жыл -Жастар жылы болып жариялауына орай Кеңестің мақсаты айқындалды:

1. Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетінің дамуына көмектесу;

2. Жас ғалымдарды іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсене қатыстыру;

3. Жас ғалымдарының жаңашыл іс-әрекеттеріне қолдау көрсете отырып, олар ұсынған жобалардың бағдарламалары мен ұсыныстарын ұйымдастыруға көмектесу.

 

Семинарға қатысушылар: Педагогика және психология институтының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі, институт докторанттары.

 

Жас ғалымдар Кеңесі семинарының қорытындысы бойынша жас ғалымдар Кеңесі бастамашыл тобының мүшелері ұсынылып, 2018-2019 жылға арналған ғылыми зертеулер мен алдағы жоспарымен таныстырылды.

 

Жас ғалымдар Кеңесінің міндеттері:

- институт жас ғалымдарының кәсіби өсуіне және ғылыми бастамаларын дамыту;

- жас ғалымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету (жас ғалымдарды қолдау бойынша бос орындар, қорлар, гранттар, конференциялар, жазғы мектептер және басқа да шаралар туралы ақпараттарды жеткізу);

- институтта жас ғалымдардың ғылыми конференциясын, ғылыми-тәжірибелік семинарларын, дөңгелек үстелдерін ұйымдастыру және өткізу;

- мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа ұйымдарда жас ғалымдардың мүдделерін қолдау;

- жас ғалымдардың белсенді өкілдерін марапаттау;

- жас ғалымдарға арналған халықаралық және ҚР БҒМ, Ғылым Комитеті ұсынған қазақстандық жобаларға қатысу.

 

Таяу уақытта институттың жас ғалымдары Кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің сайлауы өтеді.

 

   

 




Кері оралу