қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2018

«Елімнің еркіндігі - тәуелсіздігі»


2018 жылғы 7 желтоқсанда Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздігі» атты іс-шара өтті.

 

Іс-шараға «5B012300 -« Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану »мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты. Топтық жетекшілері: PhD доктор, аға оқытушы Асем Бүлшекбаева, PhD доктор, аға оқытушы Мейрамгүл Сураншиева.

 

Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі жолындағы желтоқсан құрбандарының ерліктерін үлгі ету, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, сонымен қатар туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту. Тәрбиелік іс-шараға студенттер белсенді араласып, өнерлерін ортаға салды.

 

Студенттер білім беру іс-шарасына белсене қатысты. Желтоқсан оқиғаларын еске алып, сол уақыттағы оқиғалардың қысқаша театрландырылған көріністерін көрсетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны, Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық әндер орындалды.

 

Тәрбиелік іс-шараның қадірлі қонағы ретінде, институт директоры Берікжан Әлмұхамбетов, желтоқсан оқиғасына қатысушылар - Кәміл Малдыбаев, Нұрзат Сәтпаева және кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева шақырылды.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу