қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2018

«Білім және ғылымдағы инновациялар»

 

2018 жылғы 22-23 қарашада «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жедел жоспарына сәйкес «Білім және ғылымдағы инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми әдістемелік конференция өткізді.


Конференцияның мақсаты: білім және ғылымдағы инновациялар траекториясын жетілдіру, халықаралық тәжірибедегі педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың ерекшеліктерін саралау.


Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

-жаратылыстану-математика ғылымдары (математика, физика, информатика);
- химия-биология ғылымдары;
- қоғамдық-гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар (тарих, филология);
- психологиялық-педагогикалық ғылымдар;
- өнертану, спорт, технология.


Білім және ғылымдағы инновациялар тақырыбындағы II Халықаралық ғылыми- әдістемелік конференцияда «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева, PhD, аға оқытушы Әсем Булшекбаева, п.ғ., магистрі аға оқытушылары Сағыныш Ошқапаева, Сауле Еркебаева баяндама жасап, үздік баяндама үшін құрмет грамотасымен марапаталды.

 

   




Кері оралу