қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2025

Педагогикалық практиканың қорытындысы

 

2025 жылдың 18 ақпанында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының 3-ші курс және 2-ші курс (3 жылдық) студенттерімен педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өтті. Конференцияны практиканы үйлестіруші Р.Е. Каримова ашып, болашақ педагогтерді кәсіби даярлаудың маңызды кезеңі ретінде педагогикалық практиканың нәтижелі аяқталуымен құттықтады. Конференцияға студенттер, әдіскерлер және практика жетекшілері қатысты.

 

Конференцияда студенттер практика бағдарламасына сай жүргізген жұмыстарының есебін және қажетті құжаттарды көрсетіп, күнделік, педагогикалық портфолье әр мектеп, балабақша бойынша таныстырылым, бейнероликтер түрінде ұсынып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.

 

Педагогикалық практика аясында оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес студенттер ««Moodle» жүйесіне енгізіліп, күн сайын берілген тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды жүктеп, ал жетекшілер оны қадағалап отырды.

 

Практика жетекшілері Д.Қ. Азимбаева, Р.Е. Каримова, А.К. Айтпаева, А.И. Булшекбаева, С.Ж. Еркебаева, А.А. Ауезовалар студенттердің педагогикалық практика барысындағы кәсіби іс-әрекетін талдап, қорытынды бағасын берді.

 

Практика барысында студенттер теориялық білімді практикамен ұтымды үйлестіріп, білім мен дағдылардың жоғары деңгейін көрсете алды.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу