Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
23.12.2024
Халықаралық тәжірибе қорытындысы 2024 жылдың 20 желтоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК-ның қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Жылдың үздік инновациялық жобасы», «Үздік жоба жетекшісі» конкурсы өтті. Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары -PhD докторы, доцент Гүлбану Абитова, PhD докторы, аға оқытушы Сәуле Еркебаева жыл бойына сарапшы ретінде қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша үздік жоба жетекшілері дипломдармен, сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, 2023-2024 жылдары Алматы қаласының Білім басқармасы 50 мектепке дейінгі ұйымның басшысын Сингапур, Англия және Малайзия елдерінің білім беру ұйымдарына тәжірибе алмасуға жіберді. Тағылымдама қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарға шет мемлекеттердің озық тәжірибесін енгізу туралы шешім қабылданды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|