қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2024

«Р.М.Қоянбаевтың еңбектеріндегі отбасы құндылықтары» инновациялық педагогикалық жобалар конкурсының қорытындысы

 

2024 жылдың 6 желтоқсанында көрнекті ғалым-педагог, профессор «Р.М. Қоянбаевтың 85 жылдығына арналған Халықаралық форум» аясында Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Г.Т. Абилбакиеваның ұйымдастыруымен «Р.М. Қоянбаевтың еңбектеріндегі отбасы құндылықтары» атты инновациялық педагогикалық жобалар конкурсы өтті.

 

Конкурстың мақсаты - жас ғалымдарды қолдау, жастарды педагогикалық ғылыми мәселелерді шешуге, зерттеуге қызықтыру, қоғамның маңызды ресурсы ретінде жастардың ғылым туралы түсініктерін кеңейту.

 

Конкурсқа Республикалық ЖОО-ның 2-4 курс студенттері қатысты. Жалпы қабылданған жиырмаға жуық педагогикалық жобалар ішінен 12 жұмыс іріктеліп, қазылар алқасына ұсынылды. Конкурстың нәтижесі қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей бағаланды:

 

І орын - Тұрар Ақбөпе Абай атындағы ҚазҰПУ студенті (ғылыми жетекші: п.ғ.м, аға оқытушы Д.Қ. Азимбаева);

ІІ орын - Семей қ. Шәкәрім ат университетінің студенті Нуркенева Гульназ (ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Н.А. Кулмышева); Наурызбай Салтанат Абай атындағы ҚазҰПУ студенті (ғылыми жетекші: п.ғ.м., аға оқытушы Ж.Ж. Асанханова);

ІІІ орын - Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенті Ыдырыс Зарина (ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Р.Е. Жандилдина); Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті Алимова Жанар (ғылыми жетекші: PhD, аға оқытушы Ж.A. Мамытбаева); Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті Султонова Нурсая (ғылыми жетекші: ф.ғ.к, аға оқытушы Г.Т. Танабаева).

 

Конкурс соңында Педагогика және психология факультет деканының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары А.Ж. Жакупова мен мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ. Қыяқбаева қорытынды сөз сөйлеп, жас ғалымдар мен ғылыми жетекшілерге белсенділіктері үшін алғыстарын білдірді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ал барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу