қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2024

Ұрпақтар сабақтастығының теориясы мен әдістемесі


2024 жылдың 4 желтоқсанында Педагогика және психология факультетінің оқытушылары п.ғ. к., доцент Айтпаева Алма мен аға оқытушы Сауле Еркебаева «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасының студенттерінің қатысуымен профессор Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ұрпақтар сабақтастығының теориясы мен әдістемесі» атты теориядан практикаға негізделген педагогтар мен студенттер бірлескен танымдық іс-шарасын өткізді.

 

Іс - шараның мақсаты: білім алушыларды Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың ұстаздық өмір жолы мен педагогикалық көзқарастарымен таныстырып, ұрпақтар сабақтастығының теориясы мен әдістемесі тығыз байланыстығын, оның білім беру саласына қосқан үлесін көрсету.

 

Іс-шара аясында білім алушылар мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауышта оқыту әдістемесі, жоғары мектеп арасындағы сабақтастықтың тұтас педагогика саласымен тығыз байланысын көрсетті. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасының 1-ші және 3-ші топ студенттерінің қатысуымен ұрпақтар теориясы мен практикасының сабақтастығының ынтымақтастығы "Ұстаз -ұлы тұлға" атты практикалық сабақ өткізді.

 

Іс-шараның қонақтары - Ромсейіт Қоянбаевтың шәкірттері мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Ұлбосын Кыякбаева, аға оқытушы Дариға Азимбаева, сонымен қатар Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі п.ғ.к., профессор Загиля Сулейменова, п.ғ.к Майя Джунусова, бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Мариям Бекбаева.

 

Шәкірттері Ромсейіт Қоянбаевтың ғылыми және жеке өмірін, педагог кадрларды дайындаудағы сіңірген еңбегі туралы естеліктермен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу