Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
10.12.2024
«Тарих машинасы» метапәндік сабақ
2024 жылдың 5 желтоқсанында Педагогика және психология факультетінің «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Дариға Азимбаеваның ұйымдастыруымен профессор Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Тарих машинасы» атты метапәндік сабақ өтті. Оған «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері қатысты.
Сабақтың мақсаты: білім алушыларды Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың ұстаздық өмір жолы мен педагогикалық көзқарастарымен таныстырып, оның білім беру саласына қосқан үлесін көрсету.
Сабақ барысында ұстаздың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, еңбектері жан-жақты қарастырылды. Білім алушылар Р.М.Қоянбаевтың еңбектерін зерделей келе, М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығымен салыстырмалы талдау жасады.
Сабаққа Р.М.Қоянбаевтың шәкірттері мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Ұлбосын Кыякбаева, п.ғ.к., профессор м.а. Алма Айтпаева, п.ғ.м., аға оқытушы Разия Каримова қатысып, ғалымның ғылыми және жеке өмірі, педагог кадрларды дайындаудағы сіңірген еңбегі туралы естеліктермен бөлісті. Сабақ соңында білім алушылар Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаевқа арналған «Арнау» өлеңдерін оқыды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|