қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2024

«Халықаралық мүгедектер күніне» арналған салтанатты іс-шара


2024 жылдың 3 желтоқсанында «Халықаралық мүгедектер күні» қарсаңында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің қолдауымен, қауымдастырылған профессор Гүлбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының мәдени-ағартушылық бағыты бойынша «6В01801-Әлеуметтік педагогика» мамандығының ерікті-студенттері Алматы қаласы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығының мүмкіндігі шектеулі адамдары үшін салтанатты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.


Мүгедектер күні-бұл мереке күні емес, жақсылық жасау арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға назар аудару, сөзбен де, іспен де көмектесу.


Айта кетейік, «Мейірім» еріктілер клубының ерікті студенттері «Жақсылық жолымен!» атты ұранмен 25 қазан мен 2 желтоқсан аралығында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті тренажерлерді сатып алуға қаражат жинау үшін ауқымды қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырды.


Іс-шара барысында акция аясында жиналған 405.200 мың теңгеге жуық қаражатқа (жамбас буынына арналған имитаторлық тренажер) және (тірек-қимыл функцияларын емдеуге арналған Иппотренажер) сатып алынып, мәдени-шығармашылық терапия бағдарламасының кешенінде өлеңдер мен мейірімді әндердің сүйемелдеуінде мерекелік тортпен бірге «ЕРЗИ» мүгедектерді әлеуметтік-оңалту орталығына салтанатты түрде табысталды.


Рефлексивті талдау кезеңінде мүмкіндігі шектеулі адамдар өздеріне қамқорлық көрсеткен азаматтардың зейіні үшін шын жүректен алғыс айтты. Іс-шара соңында Педагогика және психология факультетінің «6В01801-Әлеуметтік педагогика» мамандығының 1-курс студенттері «ЕРЗИ» мүгедектер қауымдастығы ҚБ президенті Ербол Игембергеновтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.


«Мейірім» еріктілер клубы денсаулығында ақауы бар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға өзінің қолдауы мен құрметін білдіреді, олар сондай-ақ еріктілер қатарында бірге болған барша жандарға зор алғысын білдіреді. Сіздерге зор денсаулық пен рухани күш тілейміз. Сіздердің риясыз іс-әрекетіңіз қазіргі қоғам үшін бағдарлы қызмет болсын!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы




Кері оралу