Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
04.12.2024
«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және ойлау қаблетін дамытудың когнитивтік аспектілері» бинарлық, пәнаралық дәріс
2024 жылдың 3 желтоқсанында Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Гүлбану Абитова және қауымдастырылған профессор м.а., PhD доктор Асем Булшекбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және ойлау қаблетін дамытудың когнитивтік аспектілері» тақырыбында бинарлық, пәнаралық дәріс өткізді.
Дәріс 6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 және 3-курс студенттеріне арналды. Сонымен қатар, 60110200 - «Мектепке дейінгі білім беру» бағыты бойынша 1-курс студенттері мен Жизақ мемлекеттік педагогикалық университетінің (Абдулла Қадыри атындағы) оқытушылары белсенді қатысты. Бинарлық дәрістің негізгі идеясы - «Мектепке дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту әдістемесі» және «Балалар психологиясы» пәндері тоғысқан жерде балалардың сөйлеуі мен ойлау қабілетінің когнитивтік аспектілерін анықтап, олардың тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Дәріс барысында сөйлеу мен ойлаудың даму кезеңдері арасындағы байланыс, мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу қызметінің дамуы және баланың ойлау қабілетінің когнитивтік аспектілері талқыланды.
Студенттер семестр бойы істеген жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. Олар: сөйлеуді дамытуға арналған менталды карталар, сөйлеуді дамыту әдістемелік жұмысының моделі, подкасттар, балалар психологиясының мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама нәтижелері, психологиялық ойындар жинағы.
Қорытынды бөлімде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, студенттер Эйлер диаграммасын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі мен ойлауын дамытуға арналған блок-схема (Flowchart) құрастырды, сондай-ақ студенттердің білім деңгейін анықтау үшін тесттер өткізілді.
Өткізілген бинарлық дәріс болашақ мамандарды даярлаудағы пәнаралық тәсілдің маңыздылығын көрсетті. Бұл студенттерге оқытылатын пәндердің теориялық негіздері мен алынған білімді тәжірибеде қолданудың өзара байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Заманауи технологияларды қолдану студенттердің талдау, синтез және ақпаратты визуализациялау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Іс-шараға қатысушылардың бірлескен белсенді жұмысы жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|