Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
15.11.2024
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру мәселесі әдістемелік тұрғыда талданды 2024 жылдың 14 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес 3 курс студенттеріне «Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі» оқу пәнінен п.ғ.д., профессор А.Е.Манкеш ашық сабақ өткізді.
Оқу пәнінің силлабусында көрсетілгендей, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған оқу іс-шарасында балаларды қоршаған әлеммен таныстырудың негізгі формасы, әдіс-тәсілдері әдістемелік тұрғыда талданды. Студенттер практикалық сабақ барысында белсенділік танытып, өз пікірлерін дәлелдей білді. Сабақта қазіргі заман талабына сай «Wordwall», ютуб, Quizizz, Padlet, Kahoot және тағы басқа цифрлық технологиялар пайдаланылды. Бұл сабақтың құндылығын арттыра түсті.
Ашық сабаққа мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары қатысты: Ұ.Қыяқбаева Ғ.Таубаева, А.Айтпаева, А.Алимбекова, А. Жакупова, С.Еркебаева.
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|