қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2024

Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы


2024 жылдың 29 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «7М01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс магистранттарының педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өткізілді (30.09.2024-26.10.2024 аралығында өткен). Қорытынды конференцияға 2 курс магистранттары және ғылыми жетекшілері қатысты. Қорытынды конференция барысында магистранттар практикалық жұмыс нәтижелерін таныстырды, жеткен жетістіктерін көрсеттті және болашақтағы жоспарларына бағыт-бағдар алды.

 

Педагогикалық практика негізінде магистранттар кәсіби дағдыларын дамытып, өздеріне қажетті тәжірибе жинақтады. Жетекшілерден алған кері байланыс пен қолдау нәтижесінде магистранттар жаңа білім алып қана қоймай, өздерінің кәсіби және жеке дамуына үлес қосты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу