Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
29.10.2024
Баланы мектепке дайындау мәселесі әдістемелік тұрғыда талданды 2024 жылдың 28 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Галия Таубаева 4 курс студенттеріне «Балаларды мектепке дайындау» оқу пәнінен ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы басшылыққа алына отырып, мектепалды топ балаларының тілдік-коммуникативтік, танымдық-зияткерлік, әлеуметтік-эмоционалдық, шығармашылық және физикалық дағдыларын дамытудың жолдары мен әдістерін әдістемелік тұрғыда талданды. Студенттер практикалық сабақ барысында белсенділік танытып, өз пікірлерін дәлелдей білді. Сабақта қазіргі заман талабына сай «Wordwall», «Padlet» цифрлық технологияларды пайдаланылды. Бұл сабақтың құндылығын арттыра түсті.
Ашық сабаққа мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары Ақсауле Манкеш, Алмагуль Айтпаева, Анар Алимбекова, Назира Атемкулова, Жанна Асанханова қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|