Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
22.10.2024
Бітіруші курс студенттері үшін бағдар беру конференциясы өтті 2024 жылдың 21 қазанында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының 4-ші курс және 3-ші курс (3 жылдық) студенттеріне өндірістік педагогикалық практикадан өту тәртібін түсіндіру мақсатында бағыт беру конференциясы өтті. Конференцияда өндірістік педагогикалық тәжірибенің мақсат, міндеттері туралы түсіндіріліп, болашақ мамандардың практикадан өту барысында кездесуі мүмкін негізгі мәселелері талқыланды, үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу мерзімдері, ережелері айтылды. Педагогикалық практикада студенттер оқу-тәрбие үдерісін бақылайды, талдайды, сондай-ақ педагогтің тікелей қатысуымен өздері жүргізеді, бейнесабақ түсіреді. Практика базалары (мектептер, лицейлер, балабақшалар) аталып, өндірістік педагогикалық практиканың әдіскер-жетекшілері тағайындалды. Конференцияға кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева және практика жетекшілері қатысты. Конференцияны практиканы үйлестіруші Р. Е. Каримова жүргізді.
Студенттер өндірістік және мамандандыру бойынша практика бағдарламаларына сәйкес белгіленген жұмыс көлемін атқаруы тиіс. Барлық практикантқа қажетті құжаттар (практика күнделігі, практикаға жолдама, есеп беру құжаттарының формасы) берілді. Конференция барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, әдіскерлер тарапынан нақты, жан-жақты жауаптар алды. Көпшілік студенттердің пікірінше, практика кәсіби өзін-өзі дамытудың тамаша мүмкіндігі болып табылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|