қазақша · русский · english
 
 
 
11.10.2024

Workshop: «Қоршаған ортамен таныстыру негізінде ересек топ балаларының цифрлық қауіпсіздігі мен кибергигиеналарын дамыту»  


2024 жылдың 10 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ «7М01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс магистранты Камал Жансая педагогикалық практика аясында «Қоршаған ортамен таныстыру негізінде ересек топ балаларының цифрлық қауіпсіздігі мен кибергигиеналарын дамыту» тақырыбында 2-ші курс студенттері арасында workshop өткізді (ғылыми жетекшісі: PhD Асем Булшекбаева). 

 

Workshopтың негізгі мақсаты - цифрлық орта жағдайындағы әлеуетті қауіптерді талқылау және балалардың цифрлық қауіпсіздігі мен кибергигиенасын дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдерді қолдану болды. Студенттер цифрлық құрылғылардың балалардың психологиялық және физиологиялық дамуына әсерін қарастырып, цифрлық қауіпсіз орта құруда тәрбиешілер мен ата-аналардың рөлін талдады. Сонымен қатар, цифрлық технологиялармен жұмыс істеу кезіндегі қауіп-қатерлердің алдын-алу үшін нақты әдістер қарастырылды.

 

Іс-шара барысында студенттер балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптерімен танысты. Цифрлық құрылғыларды дұрыс қолдану, қауіпсіздік ережелерін сақтау және балалардың цифрлық ортадағы әрекеттерін бақылаудың маңыздылығы атап өтілді. Студенттер балаларда кибергигиена дағдыларын қалыптастырудың тәсілдерімен бөлісіп, киберқауіпсіздікке қатысты жағдайларды талдады.

 

Workshop қорытындысы бойынша студенттер цифрлық ортадағы балаларды қорғаудың маңызды аспектілерін анықтап, осы бағытта жұмыс істеуге арналған нақты ұсыныстар әзірледі. Студенттер кибергигиена негіздерін қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерді әзірлеп, оларды балалармен жұмыс істеуде қолдануға болатын идеяларды педагогикалық практика барысында пайдалануға ұсынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу