қазақша · русский · english
 
 
 
22.08.2024

Абай университетінің ғалымдары «Digital Kazakhstan: жаңа заманның цифрлық білімі» тамыз кеңесінде


2024 жылдың 16 тамызында Маңғыстау облысының білім беру қызметкерлері үшін ұйымдастырылған «Digital Kazakhstan: қазіргі заманның цифрлық білімі» тамыз кеңесінде Абай университетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлбану Абитова «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің цифрлық білім беру ортасын әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында баяндама жасады.

 

Гүлбану Абитова баяндамасында цифрлық ортаны әдістемелік қолдаудың негізгі аспектілерін атап өтті, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің цифрлық құзыреттілігінің негізгі компоненттеріне толығырақ тоқталды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйым қызметін ұйымдастыруда цифрлық ресурстардың мүмкіндіктері талданды және «AlmatyKids.kz», TEACHERS LAB сынды педагогтер үшін цифрлық платформалар жұмысы таныстырылды.

 

Тамыз конференциясы Маңғыстау облысы педагогтерінің кәсіби диалог алаңына айналды, онда мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

 

  alt=  

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу