қазақша · русский · english
 
 
 
28.06.2024

Докторанттарға арналған «Педагогикалық, психологиялық зерттеу методологиясы» вебинары

 

2024 жылдың 27-маусымында Тұран университетінің профессор-зерттеушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Ардақ Ерментаева арнайы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының докторанттары үшін «Педагогикалық, психологиялық зерттеу методологиясы» атты вебинар өткізді.


Вебинардың мақсаты: докторанттарға ғылыми зерттеулердің негіздерін түсіндіру, методологиялық принциптерді меңгерту және зерттеу әдістерін дұрыс қолдануды үйрету болды.


Вебинар барысында профессор Ардақ Ерментаева ғылыми зерттеулердің өзектілігі, методологиялық негіздері және зерттеу әдістері туралы терең түсініктер берді. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстарды жазу және қорғау бойынша практикалық кеңестер ұсынды. Докторанттар вебинарға белсенді қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарына қатысты сұрақтарын қойды және пайдалы ақпараттар алды.


Вебинар соңында қатысушылар профессор Ардақ Ерментаеваға өз алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың болашақта да ұйымдастырылуына тілек білдірді.

 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу