қазақша · русский · english
 
 
 
24.06.2024

«Қазақстанда ерте жастағы балалардың (0-7 жас) даму мониторингі: білім, дағды, коммуникация» семинар-тренингі


2024 жылдың 18-21 маусымы аралығында Педагогика және психология факультеті, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары «Қазақстанда ерте жастағы (0-7 жас) балалардың даму мониторингі: білім, дағды, коммуникация» тақырыбындағы семинар-тренингтен өтті. Семинар-тренингті ЮНИСЕФ-тің ұлттық серіктесі болып табылатын «Отбасын кешенді қолдау орталығы «Отбасы академиясы» ұйымдастырды.


Курс аясында келесі мәселелер қарастырылды:


- ерте жастағы балалардың даму мониторингі (мониторинг, скрининг ұғымы талданды, ерлі-зайыптыларда баланың туылуына психологиялық дайындықтың ерекшеліктері, сондай-ақ баланың даму барысына әсер ететін факторлар қаралды);
- баланың даму кезеңдері және олардың ерекшеліктері (дабыл сигналдары, өтпелі кезеңдердің белгілері анықталды);
- мамандар мен ата-аналардың тұлғааралық қарым-қатынасы (мамандар мен ата-аналардың тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктері анықталды, жанжалсыз қарым-қатынас құралдары анықталды, сондай-ақ мамандардың балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы туралы не білуі қажет екендігі туралы мәселе қаралды) және т.б.


Семинар жұмысының қорытындысына орай әр ұстазға арнайы сертификат табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу