қазақша · русский · english
 
 
 
10.06.2024

Сауат ашуды оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинар

 

2024 жылдың 8 маусымында Алматы қаласы, Алатау аудандық КМҚК «№1 Бөбекжай-балабақшасы базасында «7М011201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-ші курс магистранты Өтегенова Елдана Қобландықызының «Мектепалды топ балаларын А. Байтұрсынұлының әдіс-тәсілдемелері негізінде сауат ашуға даярлау» атты магистрлік диссертациясы аясында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді (ғылыми жетекшісі: философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. Асем Булшекбаева).

 

Ғылыми-әдістемелік семинар мақсаты - «Әліппенің» тұңғыш авторы А.Байтұрсынұлының сауат ашудағы негізгі әдіс-тәсілдемелерімен таныстыру.

 

Семинар барысында мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлбану Абитова, магистранттың ғылыми жетекшісі Асем Булшекбаева ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы әзірлеген сауат ашу әдістемесі Алматы қаласының балабақшалары базасында магистрант Елдана Өтегенованың ғылыми зерттеуі нәтижесінде сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамытуда және баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

 

Қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының әдіс-тәсілдемелерімен танысып, мектепалды топ балаларына икемделген «Шыққанын шырпыдан жасау», «Сын атына зат аты», «Суреттен лепес жасату», «Ойнайық та, ойлайық!» әдістемелері бойынша топтық жұмыс жасалып, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында талқыға түсті. Кейін семинар бойынша кері байланыс беріліп, тақырып төңірегінде тағы да семинар сабақтарын өткізу мәселесі айтылды.

 

Семинар соңында №1 Бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Қымбат Қарабалаева университеттің жас ғалымдарына сәттіліктер тілеп, үнемі балабақша базасында ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жүргізіліп тұруын сұрады.

 

Семинар тренингке «Аяла» Ботақан» «Роза» «Балауса» «Жеті Бата» «Акимбекова» «Арсен-ай» жеке меншік балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу